9 мамыр - Жеңіс күнінде облыс орталығындағы “Жеңіс” мемориалдық кешенінде дәстүрге арналған “Шырақ шағу” акциясы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мерекеге орай ұйымдастырылған кешкі концертте соғыс жылдарындағы әндер шырқалып, қойылымдар сахналанды. Осылайша, қала өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары көрерменге ерекше әсер сыйлады. Ал сахна төріндегі LED-экранда шығысқазақстандық жауынгерлердің фотосуреттері мен есімдері шығарылды.
Кештің соңында өскемендіктер “Шырақ жағу” акциясына қатысты. “Жеңіс” мемориалдық кешенінің алаңында шамдардан бес бұрышты жұлдыз бен “80” саны бейнеленді. Айта кетйік, биыл акция аясында 7 199 шам жағылды.
Жеңіс күнін атап өту мерекелік отшашумен аяқталды.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер