A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 19:00 0

Өскеменде «Бүлбұлдар түні» мелодрамасы сахналанды

Бүгін / Өскемен

Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры көрерменін жаңа қойылыммен қуантты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Театр сахнасында Валентин Ежовтың «Бұлбұлдар түні» атты әсерлі мелодрамасының премьерасы өтті. Бұл қойылым адам жанының терең иірімдерін суреттеп, көрерменді жан тебірентетін сезімдерге бөлейді. Махаббат пен сағыныш, үміт пен өкініш сияқты терең эмоциялар, сондай-ақ өмір мен тағдырдың шынайы бейнелері сахнада жан-жақты ашылды.

Қойылымда театрдың жетекші әртістері өнер көрсетіп, ерекше актерлік шеберліктерімен көрерменді таң қалдырды. Неміс қызы Инга мен сол замандағы совет солдаты Пётрдың достықтан ұласқан махаббаты келушілерге өзгеше көңіл күй сыйлады. Бұдан бөлек әрбір көрініс өз маңыздылығын көрсете отырып, көрерменді бей-жай қалдырмай, олардың жүрегіне терең әсер етті.

Жаңа қойылымы театр сахнасында өмір мен өнердің, өткен мен бүгіннің, жүрек сыры мен тағдырдың тоғысуын айшықтайды. Бұл премьера театрдың өнерсүйер қауымға ұсынған жаңа әрі бірегей шығармасы ретінде есте қалды.

Нұрдәулет ҚАЛИБЕКОВ

Фотосурет автордікі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив