A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:00 0

Өскеменде 38 учаскені абаттандыру жоспарланған

Бүгін / Өскемен

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс орталығында абаттандыру жұмыстары көшелерді ғана емес, әлеуметтік маңызы бар нысандарды да қамтып отыр.

Қазіргі уақытта Чехов, Горький және Нұрмағамбетов көшелерінде брусчатка төселуде. 

Сонымен қатар облыстық филармония маңындағы аумақты абаттандыру жұмыстары қатар жүріп жатыр. 

Гүл отырғызу жұмыстары да қолға алынды. Көгалдандыру шаралары кезең-кезеңімен жүзеге асып, орталық көшелерден бөлек, аулалар мен тұрғын үй аумақтарын да қамтиды. 

Қазіргі таңда 10 учаскеде тиісті жұмыстар басталды. Бұл көрсеткіш күн сайын артып келеді. Мердігер ұйымдар бекітілген кесте мен жұмыс жоспарына сәйкес еңбек етуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив