A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 14:15 0

Өскеменде желілік полиция 79 құқықбұзушылықты анықтады

Бүгін / Өскемен

Жыл басынан бері «Өскемен-1» стансасындағы желілік полиция қызметкерлері әуе рейстерінің борты мен әуежайдағы құқықбұзушылықтар бойынша 79 адамды жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның ішінде белгіленбеген орындарда темекі шегу (57), қоғамдық орындарда ішімдік ішу және мас күйде жүру (20), ұсақ бұзақылық (1) фактілері тіркелді. 

Бұдан бөлек, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар берген Шемонаиха ауданының тұрғыны анықталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осылайша, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынып, түзеу жұмыстарына тартылуы ықтимал. Бостандығын шектеу немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Осы ретте полиция қызметкерлері ұшақ бортында және әуежайда тәртіп бұзу қауіп төндіретін әрекет екенін ескертеді. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив