24 мамыр күні ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін тері обырын ерте диагностикалау және алдын алу бойынша Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл күні Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан орталықтың жетекші мамандарынан кеңес ала алады. Дәрігерден жолдама қажет емес. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді алсаңыз жеткілікті.
Мекенжайы: Өскемен қ., Потанин көшесі, 6 (консультативтік-диагностикалық бөлімше).
Байланыс нөмірлері: +7(7232) 48-91-51, +7-778-003-78-45.
Пікірлер