Мерекелік демалыс күндері облыс орталығындағы қоғамдық орындарда алкагольдік масаң күйдегі азаматтар саны артты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жеңіс күніне арналған негізгі іс-шаралар өткен Стрелка ауданында мас болғандар жиі кездесті.
— Мас күйдегі 100-ге жуық адам анықталды. Сонымен қатар "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу шарасы аясында көлік құралдарын мас күйде басқарған 14 жүргізуші ұсталды, - деді ШҚО Полиция департаментіндегілер.
Пікірлер