A+ A A-

talgatzhan 3 Бүгін, 11:35 0

Өскеменде «Шығыс маманы» облыстық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Бүгін / Өскемен

14 мамыр күні Республика алаңында жастарды жұмыспен қамту мақсатында «Шығыс маманы» атты облыстық  бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жәрмеңкеге 81 жұмыс беруші ұйым қатысып, 600-ге жуық бос қызмет орнын ұсынды. Аталған шараға Риддер, Тарбағатай, Марқакөл, Самар аудандарынан да жұмыс ұсынушылар келді. 

- Біздің мекемеге математика, тарих пәнінің мұғалімдері мен әлеуметтік педагог, тәлімгер мамандары керек. Біз уақытша емес тұрақты жұмыс ұсынамыз. Жалақы жағына келсек, орта білімді мамандарға – 140 000 теңге, жоғары білімді мамандарға – 160 000 теңге беріледі, - дейді Тарбағатай ауданы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің директоры Архат Төлеуханұлы.

Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер бос жұмыс орындарын таныстырып, ең лайықты үміткерлердің деректерін қарастырды. Соған сәйкес, үміткерлер де әңгімелесуден өтіп, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. 

- Бүгінгі шара студенттер үшін өте маңызды, себебі бітіруші түлек болғандықтан бос жұмыс орындарын қарастыру, өзіміздің түйіндемемізді ұсыну болашақта қызметке араласуымызға әсер етеді. Дәл қазір ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша оқуымды аяқтап жатырмын. Алдағы уақытта осы Шығыс Қазақстан облысында өз салам бойынша жұмыс істейтін ойым бар, - дейді С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 4 курс студенті Марқа Әбдіқапар.

Сондай-ақ шараға 30-ға жуық ірі жұмыс беруші кәсіпорын қатысты. Олардың қатарында «Казцинк» ЖШС, «ТМК» АҚ, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, «Өскемен ұн комбинаты» ЖШС,«Шығыс жылу» АҚ, «Согрин ЖЭО» ЖШС, және басқалар бар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив