A+ A A-

talgatzhan 29 Бүгін, 16:20 0

Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты

Бүгін / Республика

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2025 жылғы қаңтар–сәуір айларындағы ірі мұнай өңдеу зауыттарының жұмыс қорытындыларын шығарды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Елдің ірі мұнай өңдеу зауыттарында 2025 жылдың алғашқы төрт айында 6,092 млн тонна мұнай өңделді. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8%-ға жоғары.

Өңдеу көлемінің артуы ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие негізгі мұнай өнімдерінің өндірісінің ұлғаюына басты фактор болды.

Атап айтқанда: автомобиль бензині өндірісі 25,4%-ға артып, 2,082 млн тоннаны құрады; дизель отынының өндірісі 18,9%-ға өсіп, 1,921 млн тоннаға жетті; авиациялық керосин өндірісі 5,3%-ға артып, 0,255 млн тоннаны құрады.

Энергетика министрлігі мұнай өңдеу саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, ішкі нарықты мұнай өнімдерімен сенімді жабдықтау, сондай-ақ кәсіпорындардың тиімділігі мен технологиялық даму деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық шараларды іске асыруды жалғастырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив