A+ A A-

talgatzhan 30 14-05-2025, 14:25 0

Өскеменде 5 жастағы бала суға батып кете жаздады

Бүгін / Өскемен

Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

13 мамыр күні Ерасыл Омарханов есімді қала тұрғыны Үлбі өзенінде кішкентай баланың суға батып бара жатқанын байқаған. 
- Ол бірден 5 жастағы баланы құтқаруға асықты. Бүлдіршін әпкесімен өзен жағасында серуендеп жүргені белгілі болды, - делінген ресми ақпаратта. 
Ерасыл Омарханов - Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенті.
ШҚО ТЖД мамандары ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Төтенше жағдай кезінде “112” нөміріне хабарласу қажет.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив