A+ A A-

talgatzhan 5 14-05-2025, 16:30 0

«Аңызға айналған ұстаз»: Өскеменде Қанипа Бітібаеваның 80 жылдығына арналған еске алу кеші өтті

Бүгін / ШҚО

Пушкин атындағы облыстық кітапханасында көрнекті ұстаз, профессор, ҚР-ның еңбек сіңірген мұғалімі Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның 80 жылдығына арналған «Аңызға айналған ұстаз» атты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Қанипа Бітібаева – қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінде жаңашыл бағыт қалыптастырған, республика көлемінде тұңғыш рет Абай мен Әуезовті оқытуға арналған ғылыми еңбектер жазған бірегей педагог. Ол – 41 кітаптың, 200-ден аса ғылыми-әдістемелік мақаланың авторы, «Абайтану» курсын мектеп бағдарламасына енгізген тұңғыш ұстаз. Кеш барысында ұлағатты ұстаздың көзін көрген, еңбегін жоғары бағалаған қаламгерлердің бірі Сағымбек Ақанов естеліктерімен бөлісіп, Қанипа апайдың тұлғалық болмысын сан қырынан ашып көрсетті. Сонымен қатар С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың филология ғылымдарының докторы, профессор, «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры Айжан Картаева ұстаздың ғылыми-педагогикалық мұрасы жөнінде мазмұнды баяндама жасады.

- Бұл кеш – білім мен парасаттың, ұстазға деген риясыз құрметтің көрінісі болды. Қанипа Бітібаеваның артында қалған өшпес ізі – ұлт ұстазының асқақ рухын болашақ ұрпаққа жеткізетін құнды мұра, - деді А.С Пушкин атындағы облыстық кітапхананың қызметкері Гүлбаршын Тілегенқызы.


Бұдан бөлек, іс-шараға Қанипа апайдың туған сіңлілері – Жаңыл апай, Бақыт апай және Бақытгүл Омарғалиқызы қатысып, отбасы тәрбиесі, өскен ортасы, апайдың адами келбеті туралы жүрекжарды естеліктерімен бөлісті.

Айта кетейік, кеш барысында ақындар жыр арнап, әндер шырқалды. Шәкірт жүрегінен өрбіген сағыныш пен әріптестердің құрметке толы лебіздері ұстаз рухына арналған шынайы алғысқа айналды.

Нұрдәулет ҚАЛИБЕКОВ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив