«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Айнабұлақ ауылында заманауи жаңа спорт модулінің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазір нысан 40%-ға дайын. Құрылыс алаңында спорт залының металл конструкцияларын орнату, бетондау, әкімшілік-тұрмыстық корпустың сейсмикалық белдеулік қалыптарын орнату және қабырғасын қалау жұмыстары жүріп жатыр. Нысан желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Спорттық модуль тұрғындардың денсаулығын сақтауға және елді мекенде бұқаралық спортты дамытуға септігін тигізеді. Кешен екі негізгі бөліктен тұрады - ангар типті спорт залы мен кірпіштен салынған әкімшілік-тұрмыстық блок. Оны жабық галерея жалғайды.
Жоба бойынша мұнда еркін және грек-рим күресі, баскетбол, волейбол өткізіледі.
Бұл жоба ауылдық елді мекендердегі спорттық инфрақұрылымды нығайтудағы маңызды қадам болып, ауыл тұрғындары мен жастарының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Пікірлер