Сотталғандарға байланыс құралдарын жеткізудің тағы бір әрекеті анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемен қаласы №16 мекемесінің қызметкерлері Ұлттық ұлан 6699 әскери бөлімінің бақылаушылар қызметі жөніндегі рота командирінің орынбасарымен аумақты патрульдеу кезінде ер адамды ұстады.
Курьер түрме аумағына SIM карталары бар бірнеше смартфон, қуаттағыш, интернет-роутер, құлаққаптар, жаялықтар мен дәрі-дәрмектерді кіргізбек болған.
Тыйым салынған заттар дереу тәркіленіп, хаттама толтырылды.
Сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталған адамның бұрын түрмеде отырғаны белгілі болды. Ол осы мекемеде алаяқтық үшін жазасын өтеген.
Пікірлер