A+ A A-

talgatzhan 30 18-05-2025, 21:00 0

Өскеменде ертең терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Бүгін / Өскемен

19 мамырда Өскемен қаласының әуежай ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оқу-жаттығу барысында терроризмдік сипаттағы жағдайлар кезінде жедел әрекет ету мәселелері қарастырылады. Осыған байланысты бірқатар шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысына шектеу қойылатын болады.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тиісті мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық жедел штабы

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив