A+ A A-

talgatzhan 31 19-05-2025, 13:00 0

Зайсан ауданында дауыл үйлердің шатырын ұшырып, ғимараттарға зақым келтірді

Бүгін / Зайсан

Зайсан ауданында қатты жел соғып, бірнеше ғимарат бүлінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, кешелі бері соққан дауылдың салдарынан тұрғын үйлер мен түрлі ғимараттарға зақым келді. Сондай-ақ ағаштар құлап, шатырлар бүлінді. 

- Апат салдарын жою мақсатында жауапты қызметтер мен төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары жедел түрде оқиға орындарына шығып, қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті. Қазіргі уақытта нақты шығын көлемі есептеліп, зақымданған нысандарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, - делінген ақпаратта. 

Осы ретте, әкімдік қызметкерлері тұрғындардан қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, электр сымдары мен құлаған ағаштарға жоламауды сұрады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив