2024 жылы қала бойынша желіге қосылмаған 15 мекенжай анықталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Қазір Өскеменде байланысты және желіні реттеу мақсатында «Ақ дақтарды жою» жобасы қолға алынды. Былтыр желіге 15 мекенжай қосылмағаны анықталды. 2025 жылдың бірінші тоқсанында 1 мекенжайда жұмыстар аяқталды, жылдың соңына дейін қалған 14 мекенжайда ұялы байланыс желісінің әлсіз қамтуын жою жұмыстары жоспарланған, - деді Коняшкин Ростислов.
Байланыс операторларының ішінде Beeline, Kcell, Tele2, Altel мобильді интернеттері іске қосылуда. 2025 жылы Beeline операторының 110 байланыс станциясы іске қосылған.
- 2024 жылы 3364 абонент оптикалық желіге қосылса, 2025 жылы 1682-сі қосылды. Тұрғын үй кешендеріне келсек, 2024 жылы 1469 үйге, биыл 1470 үйге оптикалық желі орнатылды. Былтыр 115, биыл 162 жеке тұрғын үй аталған желіге қосылуда, - деді вице-министр.
Пікірлер