A+ A A-

talgatzhan 33 19-05-2025, 22:20 0

Өскеменде ТМК аумағындағы түтінге байланысты ауа сапасы тексерілуде

Бүгін / Өскемен

19 мамыр күні сағат 18:21-де ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ аумағында сары түсті белгісіз газдың таралғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оқиға орнына жағдайды анықтау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мамандары мен ШҚО бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалының қызметкерлері жедел жетті.

Облыстық жедел штаб құрылып, жағдайға мониторинг жүргізілуде. Аймақ басшылығы оқиғаны бақылауда ұстап отыр.

ҰСО зертханасының мамандары сегіз бақылау нүктесінде атмосфералық ауадан 144 сынама алды. Олар мыналар:

Жаңа Согра ауылы, Бобровка ауылына бұрылыс,

2-ші көтерілім,

ЖҚС-тан кейінгі Ульбаға бұрылыс,

Тарханка ауылы мен Егорова көшесінің арасындағы жол,

Охотская көшесі, 126 (санитарлық-қорғау аймағы),

Озотская көшесі, 94а (СҚА),

Коршунов стансасы,

Согрин ЖЭО-ның күл үйіндісі.

Зерттеу барысында 18 зиянды зат тексерілді, соның ішінде хлор, тұз қышқылы, күкірт диоксиді, қалқып жүрген заттар, әртүрлі өлшемдегі шаң, көміртек тотығы, азот диоксиді мен тотығы, формальдегид, күкіртсутек, қаныққан көмірсутектер, озон, ацетон, аммиак, күкірт қышқылы және қорғасын.

21:44 уақыты бойынша шекті рұқсат етілген концентрациялардан (ШРК) асу жағдайлары тіркелмеді. Алайда ауа сынамаларын алу жалғасуда, себебі өлшеу дәлдігіне ауа райы мен оқиға мен хабарлама арасындағы уақыт әсер етуі мүмкін.

Кәсіпорын басшылығы апаттық шығарындылар болғанын растамайды. Халық тарапынан улану белгілерімен шағым түспеген.

Оқиға орнында ТЖД, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, ҰСО филиалы, экология департаменті және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмыс істеуде. Тұрғындарға хлордан улану қаупі төнген жағдайда не істеу керектігі туралы жадынама таратылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив