A+ A A-

talgatzhan 31 20-05-2025, 12:15 0

Жазғы демалыста балаларға арналған спорттық жарыстар өтеді

Бүгін / Республика

Жазғы демалыс кезеңінде елімізде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық жарыстар мен сауықтыру шаралары ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, жазда Президенттік тестілер, "Kapshagai kids Trophy" республикалық футбол турнирі, ауыл мектептері арасында "Ауыл спорты" кешенді жарыстары, сондай-ақ ауыл балалары арасында "Halyk OPEN CUP" футбол турнирі өтеді.

Балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін "Қолжетімді спорт" және "Аула Фит" жобалары табысты жүзеге асырылуда. Мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында 7 мыңнан астам тегін спорт секциясы жұмыс істейді. Оған 250 мыңнан астам бала қатысып жатыр,-деді ол.

Сонымен қатар, Балаларды қорғау күні мен спорт күніне орай бүкіл ел бойынша бұқаралық және сауықтыру іс-шаралары өтеді. Жалпы білім беретін мектептер арасында 10 спорт түрі бойынша ұлттық мектеп спорт лигасы ұйымдастырылады.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар да назардан тыс қалмайды. Олар үшін спортпен шұғылдануға мүмкіндік беретін "Жұлдызай" ұлттық инклюзивті ойындарының өңірлік кезеңдері жалғасады.

Сондай-ақ жаз айларында ұлттық спорт түрлерінен бірнеше республикалық жарыс жоспарланған:

  • Тоғызқұмалақтан "Жас үміт" турнирі;

  • Жамбы атудан жасөспірімдер чемпионаты;

  • Қазақ күресінен 2012–2013 жылы туған балалар арасындағы біріншілік;

  • Асық атудан ҚР чемпионаты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив