«Өскемен әуежайы» АҚ 2 маусымнан бастап «SCAT» әуе компаниясы орындайтын “Өскемен-Шымкент” бағыты бойынша тікелей тұрақты рейс ашылатынын еске салады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Рейстер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және жұма күндері орындалады.
Бұл бағыт Шымкент әуежайынан Мюнхен, Будапешт, Мәскеу, Ыстамбұл, Сеул және Шанхай қалаларына ұшуды жоспарлағандар үшін ыңғайлы және сұранысқа ие болады.
Қазіргі таңда билеттер сатылымда.
Ресми сайтта немесе SCAT авиакомпаниясының кассаларында ұшу кестесін біліп, билетті брондауға болады.
Пікірлер