A+ A A-

talgatzhan 46 21-05-2025, 11:35 0

Өскеменде жазғы демалысқа арналған «Сабантой – 2025» мерекелік шарасы өтті

Бүгін / Өскемен

21 мамырда Шығыс Қазақстан облыстық Балалар және жасөспірімдер кітапханасында оқу жылының аяқталуына және жазғы демалысқа арналған «Сабантой – 2025» мерекелік шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

- Бұл шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Мақсаты – жаз мезгілінде оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітапханадағы үйірмелерді насихаттау. Бүгінгі шараға арнайы кітап көрмесі қойылды, ою-өрнектен шеберлік сабақ өткізіліп, «Сиқырлы бояулар» үйірмесінің қатысушылары «Көңілді жаз» тақырыбында суреттерін көрсетті. Жалпы кітапханамызда бірнеше үйірме сабағы бар. Мысалы, сурет салу, тоғызқұмалақ, би, қазақ, ағылшын тілдерін үйрететін арнайы курстар және тағы да басқалары. Үйірмелердің барлығы тегін, - дейді Шығыс Қазақстан облыстық Балалар және жасөспірімдер кітапханасыны коммуникация орталығының жетекшісі Эльмира Сейітқазықызы.

Мерекелік шараға 80-ге жуық мектеп оқушысы қатысты. Оларға қызықты бағдарламалар мен кітап туралы танымдық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

- Осы іс-шараға Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінен 2-3 сыныптың оқушыларын әкелдік. Қазіргі балалардың көбі орыс тілді әрі кітап оқуға ынталары аз болғандықтан, оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында осы «Сабантой – 2025» мерекесіне қатысып отырмыз. Алдағы уақытта кітапханамен тығыз байланыста боламыз деп ойлаймын, - деді Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің ұстазы Айнагүл Қанағатқызы.

Мерекелік шарада оқушылар қазақ әдебиетінен бөлек түрлі жанрда жазылған әлем әдебиеті шығармаларымен танысып, үйірмелерде жасалған әртүрлі жұмыстарды тамашалады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив