A+ A A-

talgatzhan 70 21-05-2025, 18:30 0

Өскеменде «Miras» өңірлік кеңесінің отырысы өтті

Бүгін / Өскемен

Бүгін облыс орталығында “AMANAT” партиясының ШҚОФ жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту бойынша “Miras” өңірлік кеңесінің кезекті отырысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жиынға кеңес төрайымы, Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының директоры - модератор Әсемгүл Абзалова, облыстық білім басқармасының, қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде бірнеше өзекті мәселе қаралды. Атап айтқанда, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар, дүкендердің маңдайшаларына мониторинг жүргізу нәтижесі және мектептен тыс білім беру ұйымдары арқылы қазақ тілін тереңдетіп оқыту жөнінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстар. 

Алдымен Риддер қаласы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Меруерт Маратқызы, Алтай ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Сұлтан Қажикенов, Шемонаиха ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ришат Ахметов, Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Айым Әскерханова және Глубокое ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Алмас Қинаятов мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы ойларын ортаға салды. Қатысушылар дүкендер мен сауда орындарындағы қазақ тілді ақпараттың сауатты әрі дұрыс жазылуының маңызын атап өтті. Бұдан бөлек, қоғамдық орындарда жүргізілген мониторинг қорытындысымен бөлісті.

Ал мектептен тыс білім беру ұйымдары арқылы қазақ тілін тереңдетіп оқыту мақсатында қолға алынған жұмыстар туралы ШҚО Білім басқармасы Тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту және тәрбие бөлімінің басшысы Гүлжаз Бошакова тың ақпараттармен бөлісті. Ол оқушылар арасында қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтіп, оқыту процесін тиімді әрі нәтижелі етудің жолдарын ұсынды. Осы ретте мектептен тыс білім беру ұйымдарының рөлі жоғары екенін атап өткен жөн. 

Кеңес отырысының соңында күн тәртібінде қарастырылған мәселелер жан-жақты талқыланып, нақты қорытындылар шығарылды.

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив