Облыс орталығында 16 сәуір – 30 мамыр аралығында «Нерест» жедел алдын алу шарасы өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
"Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" РММ базасында жұмыс кездесуі өтті. Онда балық өнімдерін заңсыз өндіруді, тасымалдауды, сатып алуды немесе өткізуді анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған басым міндеттер қаралды. Құжаттарды тексеру және балық өнімдерін сатуға қойылатын талаптарды түсіндіру мақсатында "Ивушка", "Жәрдем", "Заречное" және "Орталық" базарларға бірлесіп шығу жүзеге асырылды, — делінген қалалық полиция басқармасының ақпаратында.
Пікірлер