A+ A A-

talgatzhan 27 22-05-2025, 11:45 0

«Отбасылық құндылықтар үйлесімі»: Қ. Қайсенов атындағы саябақта өткен көңілді мереке

Бүгін / Өскемен

Өскеменде ШҚО архитектуралық-этнографиялық және табиғи-ландшафтты музей-қорығының қызметкерлері ұйымдастырған «Отбасылық құндылықтар үйлесімі» атты танымдық-ойын бағдарламасы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шара Қ. Қайсенов атындағы паркте өтіп, музейдің жас мамандары мен олардың отбасыларын бір шаңырақ астына жинады. Бағдарламаның мақсаты – ата-аналар мен балалар арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, отбасылық жауапкершілікке тәрбиелеу болды. Бұл мақсат «Әке – тірек, ана – жүрек» қағидасымен тығыз байланысты.

Қатысушылар қазақтың «Тақия» ойыны, орыс халқының «Матрёшка» ойыны, украиндардың «Төрт табиғи күш» ойыны сынды түрлі ұлттық ойындар мен викториналарға қатысып, отбасылары туралы өлеңдер айтып, дәстүрлерімен бөлісті.

Іс-шара аясында Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлт өкілдерінің отбасылық құндылықтары мен дәстүрлеріне ерекше мән берілді. Бұл – тек ойын ғана емес, ұрпаққа мәдени мұраны жеткізудің жарқын үлгісі. Іс-шара «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив