Өскемен қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болып Қымбат Ануарбекова тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қымбат Сәрсенбайқызы 1989 жылы 11 қыркүйекте Ұлан ауданында дүниеге келген. Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «Информатика» мамандығы бойынша,Қазақстан-Американдық еркін университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын мемлекеттік басқару саласынан бастады. Ұлан ауданы мен Өскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдерінде түрлі қызметтер атқарды. Каменка ауылдық округі әкімінің аппаратында жұмыс істеді. Сондай-ақ Өскемен қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімін басқарды.
- Мемлекеттік басқару, кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығы салаларында тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі мол. Қымбат Сәрсенбайқызына жаңа қызметінде сәттілік, жемісті еңбек және қала дамуына қосар зор үлес тілейміз, — деді қала басшысы Алмат Акышов.
Пікірлер