A+ A A-

talgatzhan 31 23-05-2025, 09:00 0

Өскеменде келесі жылы жаңа жол айрығы пайда болады

Бүгін / Өскемен

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Сол жағалаудағы Сәтпаев даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысында үш жолақты қозғалысы бар екі деңгейлі жол айрығының құрылыс барысын тексерді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аймақ басшысы атап өткендей, бұл жоба өңір орталығы үшін аса маңызды. Ол автокөлік жүргізушілеріне қозғалыс уақытын едәуір қысқартып, Базовая көшесі мен Меновное ауылын қоса алғанда төрт бағытта еркін жүруге мүмкіндік береді. Мұнда бес жолақты қозғалыс қарастырылған.

Жол айрығының өткізу қабілеті 2,5 есеге артады. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш тәулігіне 85 мың автокөлік болса, құрылыс аяқталған соң 200 мыңнан астам автокөлікті қамтиды.

Сондай-ақ облыс әкімінің айтуынша, бұл жоба жол қозғалысын жеңілдетіп қана қоймай, құрылыс компаниялары үшін маңызды тәжірибе мектебі болмақ.

Аталған жол айрығы күрделі қиылысты толығымен жеңілдетуге, бағдаршамдарды айналып өтуге, жолда жүру уақытын қысқартуға сеп болады. Осы учаскенің өткізу қабілеті 85 мыңнан 200 мыңға дейін өседі. 

Биыл айналма жол құрылысы аяқталып, келесі жылы жол айрығы толық пайдалануға беріледі. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив