A+ A A-

talgatzhan 32 23-05-2025, 09:30 0

Өскеменде 1500-ден астам оқушы ҰБТ тапсырады

Бүгін / Өскемен

Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, бүгінде қалада 52 білім ордасы (49-ы мемлекеттік, 3-еуі жекеменшік) жұмыс істейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жалпы оқушы саны – 47 223 бала.

Биыл 4 129 оқушы 9 сыныпты аяқтайды. Оның 461-і ерекше үлгідегі аттестат алуға үміткер. 2 003 бала (48,5%) оқуын колледжде жалғастыруды жоспарлап отыр.

11 сыныпты 1 899 түлек тәмамдайды. Оның 1 520-сы (80%) Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірген. Жоғары оқу орындарына түсуге 1 579 түлек (83%) ниетті, ал 93-і колледжде оқуды  таңдаған. Қаңтар мен наурыз аралығында 1 356 оқушы сынақ тестілеуінен өтті (бұл ЖОО-ға түсуді көздегендердің 85%-ын құрайды).

Биыл «Алтын белгі» иегері атануға 189 түлек үміткер, бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір көп (2024 жылы – 107). Үздік аттестатқа 215 оқушы ниетті (2024 жылы – 196).

Мемлекеттік емтихандар әдеттегідей форматта өтеді: 9 сыныптар үшін – 29 мамыр мен 10 маусым аралығында, 11 сыныптар үшін – 30 мамыр мен 16 маусым аралығында.

Оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиындар 23 мамыр күні сағат 10:00-де өтеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив