Сенбі күні облыс орталығында ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
24 мамыр сағат 08:00-15:00 аралығында «Алтай» көтерме және бөлшек сауда орталығы аумағында (Жібек Жолы, 44) өтетін жәрмеңкеде Үлкен Нарын ауданының кәсіпкерлері сапалы әрі тиімді бағадағы өнімдерін ұсынады. Бұдан бөлек, концерттік бағдарлама мен спорттық ойындар болады.
Сондай-ақ Достық үйінің алдында (Н.Назарбаев, 68) жергілікті тауар өндірушілердің жәрмеңкесі болады.
Пікірлер