A+ A A-

talgatzhan 30 23-05-2025, 14:00 0

Өскеменде түлектер мектеппен қоштасты

Бүгін / Өскемен

Бүгін облыс орталығындағы №9 орта мектебінде оқу жылының аяқталуына орай салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мерекелік жиынға қала әкімі Алмат Ақышов қатысып, білім ордасының ұжымы мен оқушыларды құттықтады. Сондай-ақ ол мектеп түлектеріне сәттілік тіледі. 
- Құрметті ұстаздар мен оқушылар, сіздерді кезекті оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын! Мектеп түлектеріне ақ жол тілеймін! Өмір жолдарыңыз ашық болсын! Ата-аналарыңызды, мұғалімдеріңізді сыйлап, арман-мақсаттарыңызға жетіңіздер! Сіздерге қарап, өзімнің оқушы кезім есіме түсіп отыр. Сондықтан уақыттарыңызды бағалаңыздар. Қайда жүрсеңіздер де туған қалаларыңызды ұмытпаңыздар, - деді Алмат Талғатұлы. 
Концерттік бағдарламада мектеп түлектері ән айтып, соңғы вальс биледі. Сондай-ақ 1 сынып оқушыларымен бірге қоңырау соғу рәсіміне қатысты. Жас түлектердің ұстаздары мен ата-аналары да жылы тілектерін жеткізді. 
Айта кетейік, қазіргі таңда облыс орталығындағы 52 білім ошағында 47 223 бала оқиды. Биыл 4 129 оқушы 9 сыныпты, 1 899 түлек 11 сыныпты аяқтайды. Оның 1 520-сы, яғни 80%-ы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Сондай-ақ 189 оқушы «Алтын белгі» иегері атануға үміткер.

Қымбат МУХАМАДИЕВА 
Фотосурет автордікі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив