A+ A A-

talgatzhan 57 23-05-2025, 12:50 0

Өскеменде «Үздік оқытушы» облыстық байқауы өтті

Бүгін / Өскемен

23 мамыр күні ШҚ лингвистикалық орталығында тілдерді оқыту орталығының оқытушыларына арналған Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы» сайысы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Жарыстың мақсаты – қазақ тілін тиімді әдіспен үйретіп, авторлық бағдарламалары бар оқытушыларды қолдау.

- Жалпы байқаудың мақсаты -  тілдерді оқыту орталықтарының авторлық бағдарламалары, ересектерге қазақ тілін тиімді үйрету әдістемелері бар оқытушыларын ынталандыру, қолдау және марапаттау. Байқау міндеттеріне келсек, қазақ тілінің ортадан жоғары (В2) деңгейін меңгертудің үздік тәжірибесін анықтау,  оқытушылардың өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау, қазақ тілін меңгертудің озық авторлық бағдарламаларын тарату, ересектерге мемлекеттік тілді үйрететін шығармашыл әлеуеті бар оқытушылардың бәсекелестік ортасын қалыптастыру, оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіре отырып, ересектерге қазақ тілінен сабақ берудің сапасын арттыру, - деді ШҚ лингвистикалық орталығының директоры Әсемгүл Абзалова.

Сайысқа өңірдегі тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары қатысты. 

- Глубокое ауданында тілдерді оқыту орталығында жұмыс істеймін. Жұмысқа тұрғаныма биыл 1 жыл болады. Сондықтан, үйренерім көп. Дайындығым тыңғылықты, сенімім мол. Қатысудағы мақсатым – өзара тәжірибе алмасу, біліктілігімді арттыру.  Ал жүлде жағына келсек, бап шаба ма, бақ шаба ма демекші, бұйырғаны болар, - деді Глубокое ауданынан келген қатысушы Әйгерім Мұратбекқызы. 

Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдені Алтай ауданынан келген Айгүл Акимаева алды. Жеңімпаздар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив