A+ A A-

talgatzhan 30 26-05-2025, 16:35 0

Өскемен тұрғынын ипотека рәсімдеу кезінде алдап кеткен

Бүгін / Өскемен

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімтінше, полицияға қала тұрғыны былтыр желтоқсанда алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы арызбен жүгінген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның айтуынша, бейтаныс әйел пәтер алу үшін ипотекалық несие рәсімдеуге көмектесемін деген сылтаумен 490 000 теңге көлеміндегі қаржысын иемденіп алған. 

- Жәбірленуші аталған соманы алаяқтың банк шотына аударған. Алайда уәде етілген көмек те, ақша да қайтарылмады. Аталған факті бойынша «Алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген ақпаратта. 

Осы ретте тәртіп сақшылары азаматтарды сақ болуға шақырады. Қандай жағдай болмасын, бейтаныс адамдарға ақша аудармау керек. Қаржылық мәселелер бойынша көмек ұсынатын тұлғалардың лицензиялары мен құжаттарын мұқият тексеріп, күмәнді жағдайларда полицияға немесе қаржы ұйымдарына хабарласқан жөн. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив