A+ A A-

talgatzhan 32 27-05-2025, 09:40 0

Өскеменде заңсыз такси жүргізушісі болған шетелдік ұсталды

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында тәртіп сақшылары заңсыз еңбек қызметін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің жолаушыларды мобильді қосымша арқылы ресми рұқсатсыз тасымалдағаны белгілі болды.

- Көрші мемлекеттің азаматы Қазақстанға келіп, рұқсатсыз жеке көлігімен такси қызметімен айналысып, көші-қон және еңбек заңнамасын бұзған. Аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды, - делінген ресми ақпаратта. 

Айта кетейік, жыл басынан бері аймақта заңсыз жұмыс істеген 30-дан астам шетелдік азамат анықталды. Сот шешімімен олардың әрқайсысына 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Жұмыс берушілер де жауапқа тартылып, 30 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. 

Осы ретте ШҚО Полиция департаментінің өкілдері тиісті құжаттарсыз еңбек қызметін жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу ретінде саналатынын ескертеді. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив