Қала әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, облыс орталығындағы жаяу жүргіншілер көпірлерінде шатырды ауыстыру жұмыстары басталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Арнайы мамандандырылған компания шыны конструкцияларды жеке тапсырыс бойынша дайындап жатыр.
Сондай-ақ лифтілерді ауыстыру, көтергіштерді жөндеу да қолға алынбақ. Конкурс рәсімдері аяқталып, жабдықтар сатып алынды. Оның бір бөлігі қалаға жеткізілді.
Фотосурет: yk-news.kz
Пікірлер