A+ A A-

talgatzhan 30 28-05-2025, 11:10 0

Өскеменде «Металлург» саябағындағы аттракциондардың бағасы төмендеді

Бүгін / Өскемен

Жуырда қала әкімі Алмат Ақышов жалға алушылармен кездесіп, тұрғындардың наразылығы туралы мәлім еткен еді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Саябақты жалға алушылардың бірі Александр Измайловтың сөзінше, айтылған сын назарға алынды.

- Аттракциондардың бағасы жалға алушылардың мүмкіндіктеріне қарай төмендетілді. Бірақ барлығында емес. Билет құны 500, 300, 200 теңгеге арзандады, - деді ол. 

Белгілі болғандай, аттракциондарды жөндеу, жалақы төлеу, салық пен өзге де міндетті шығындарға байланысты бағаны одан әрі төмендету мүмкін емес.

Дегенмен саябақ әдеттегідей жұмысын жалғастыруда. Меншік иелері ұсынылатын қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын сақтауға уәде берді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив