Облыс орталығында 27 мамыр мен 30 мамыр аралығында «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Оның басты мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықибұзушылықтардың алдын алу және осал отбасылардағы жағдайды бақылауды күшейту.
Шара аясында полиция қызметкерлері ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған азаматтарды, соның ішінде қорғау нұсқамасы шығарылған немесе сотпен арнайы талаптар белгіленген тұлғаларды тексереді. Одан бөлек, ішімдікті асыра пайдаланатын азаматтармен және әлеуметтік тұрғыдан қауіпті жағдайда жүрген отбасылармен профилактикалық жұмыс жүргізіледі.
Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгері немесе құрбаны болсаңыз, үнсіз қалмаңыз. Көмек алу үшін сенім телефондарына хабарласыңыз: 111, 150 немесе 8-771-445-11-44 нөмірі.
Пікірлер