Бүгін Өскемен жоғары медициналық колледжінде «Жастар және құқықтық тәртіп» тақырыбында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және жастарды жауапкершілікке тәрбиелеу.
Кездесу барысында студенттер құқық қорғау саласының мамандарымен ашық диалог жүргізіп, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Пікірлер