A+ A A-

talgatzhan 36 28-05-2025, 17:35 0

Өскеменде Балаларды қорғау күні қалай өтеді?

Бүгін / Өскемен

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнінде облыс орталығында «Қазақстан балалары» мерекелік бағдарламасы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

1 маусым күні сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Республика алаңы мен Сол жағалау кешенінде «Қазақстан балалары» концерттік және ойын алаңдары ашылады. 

Сол жағалау кешенінде «PlayArena» ойын алаңы жұмыс істейді. 

Сағат 10:00-де ШҚО Білім басқармасының ұйымдастыруымен «7 КЕРЕМЕТ» балалар фестивалі басталады. Этнопарк аумағында қызықты және танымдық ойындар, спорттық эстафеталар, әртүрлі жастағы балаларға арналған шеберлік сабақтары, квест ойындарын қамтитын жеті тақырыптық алаң ұйымдастырылады.

Ал сағат 11:00-де Арбатта балаларға арналған жалпықалалық мереке өтеді.

Бұдан бөлек, «Мечтатели» балалар клубы мен Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы балалар мен ата-аналарды «Армандағы мереке» ойын-сауық кешіне шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив