"Қазгидромет" РМК ертең, 29 мамырда Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, бірқатар өңірде қатты жел, найзағай, бұршақ, шаңды дауыл, ал кей жерлерде аяз болатынын ескертті. Сонымен қатар, өрт қаупінің жоғары және төтенше деңгейде болатыны да атап өтілді.
Түркістан облысында таулы аймақтарда найзағай, бұршақ, шаңды дауыл, 15-20 м/с жел соғады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында найзағай, шаңды дауыл, 15-20 м/с жел күтіледі. Өрт қаупі жоғары.
Шымкент пен Түркістан қалаларында найзағай, шаңды дауыл және қатты жел болады.
Алматы, Жетісу облыстарында жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді, өрт қаупі жоғары.
Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында қатты жел, шаңды дауыл және 35 градусқа дейін ыстық күтіледі. Атырау мен Маңғыстау облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда және Ақтөбеде де өрт қаупі жоғары.
Ақмола, Қарағанды, Ұлытау облыстарында найзағай, қатты жел және өрт қаупі байқалады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында найзағай, 15-20 м/с жел, өрт қаупі сақталады.
Пікірлер