Бұл туралы 28 мамырда өткен қалалық Қоғамдық кеңестің отырысында айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қалалық ТҮКШ бөлімінің мәліметінше, "Vosca" ЖШС тасымалдаушысы екі электр автобусын қала көшелеріне шығаруға ниетті. Көліктер облыс орталығына күздің ортасында жеткізіліп, маршрут бойынша жүретін болады. Бұл қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту аясында пилоттық жоба ретінде қолға алынады.
Естеріңізге сала кетейік, мұндай жоба Өскеменде 2018 жылы іске қосылған еді. Бірақ электробустар жергілікті климаттың ерекшеліктеріне төтеп бере алмады.
Пікірлер