A+ A A-

talgatzhan 35 29-05-2025, 12:10 0

Биыл отандық тауар өндірушілердің реестрі іске қосылады – Өнеркәсіп министрі

Бүгін / Республика

Биыл отандық тауар өндірушілердің реестрі іске қосылады. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Биыл отандық тауар өндірушілердің реестрі іске қосылады, ол нақты өнім өндірушілерді анықтауға және қолдаудың нысаналы сипатын арттыруға бағытталған. Оның басты артықшылығы цифрлық верификация және тоқсаннан астам мемлекеттік дерекқормен интеграцияланған автоматтандырылған тексеру жүйесі болады, - деп мәлімдеді министр «Казахстанская правда» басылымына берген сұхбатында. 

Спикер бұл жаңа бастаманың отандық тауар және өнім өндірушілерге қандай пайдасы барын атап өтті. 

— Өндірушінің бұл реестрде болуы мемлекеттік сатып алуларда және мемлекеттік қолдау шаралары кезінде (қаржылай да, қаржылай емес қолдау кезінде де) міндетті талапқа айналады. Бұл шаралар түрлі салаларда тұрақты өсімге қол жеткізуге, отандық тауар өндірушілерді қолдауға, импортқа тәуелділікті азайтуға және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған, - деді ведомство басшысы. 

Айта кетейік, елімізде СТ-КЗ сертификаты мен Индустриялық сертификаттың орнына қазақстандық тауарлар реестрі әзірленіп жатыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив