A+ A A-

talgatzhan 34 29-05-2025, 14:40 0

Зайсан ауданында минералды су өндіретін цех ашылады

Бүгін / Зайсан

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Зайсан ауданының халқымен ашық диалог форматында кездесу өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Онда Мемлекет басшысының тапсырмалары мен әлеуметтік-экономикалық реформалар аясында экономика өсімін және әртараптандырылуын қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу мәселелері талқыланды.

- Өңірлік жалпы өнімдегі өнеркәсіптің үлесі 40% болатындығын және сыртқы ахуалдың әсерін ескере отырып, біз экономиканы әртараптандыру жұмыстарын жалғастырып келеміз. Экономиканың жыл сайынғы өсімін қамтамасыз ету үшін облыста өңірлік жобалық кеңсе құрылып, барлық қала мен аудандар бойынша бес жылдық экономикалық өсу нүктелерінің жоспарлары, сондай-ақ ауылдық округтерге арналған "Жол карталары" бекітілді. Әрбір аудан әкімімен 2025 жылға дейінгі KPI-ға қол жеткізуге бағытталған, нақты жобалар мен іс-шараларды қамтитын меморандумдар жасалды, – деді облыс әкімі.

Зайсан ауданының агроөнеркәсіптік кешені мен өнеркәсіп салаларында даму әлеуеті, экономикалық және адами капиталы бар.

Биыл Дайыр ауылында минералды және алкогольсіз су өндіретін цех ашу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Зайсан қаласында ет өңдеу зауытын және қызыл кірпіш шығаратын зауыт салу, көкөніс пен жемістерді қайта өңдейтін цехті іске қосу қолға алынады.

Бұдан бөлек, Айнабұлақ ауылында кемпинг салу және Қарабұлақ ауылындағы балық өңдеу зауытын қалпына келтіру көзделген.

Өңір басшысы Зайсан ауданының әкіміне барлық іс-шараны сапалы әрі уақтылы орындауды, кіріс көздерін іздестіру мен салық базасын кеңейту жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив