A+ A A-

talgatzhan 0 29-05-2025, 14:30 0

Жыл басынан бері COVID-19-дың 362 жағдайы тіркелді

Бүгін / Республика

Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты,деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі сырқаттанушылық пен әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға апта сайынғы мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Жыл басынан бері COVID-19-дың 362 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 3,4 есеге төмендеген, өлім жағдайы тіркелген жоқ. Ауру жеңіл түрде өтіп жатыр, пациенттер амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда.

Қазақстанда вирустың айналымы мен оның әртүрлі нұсқаларына тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі.

Жүргізілген зертханалық бақылау нәтижелері бойынша биылғы жылы Қазақстанда анықталған барлық 100% жағдайларда Омикрон нұсқасы айналымда болды. Атап айтқанда, JN.1 қосалқы түрі және оның LF.7.1.3, LP.8.1, LF.7.6 және KP.3.1.1 тармақтары анықталған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметінше, сәуір мен мамыр айлары аралығында әлем бойынша 23 164 расталған жағдай тіркелген. Әлемде Омикронның LP.8.1, JN.1, NB.1.8.1 және басқа да нұсқалары айналымда болуы жалғасуда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив