Облыс орталығындағы қоғамдық көліктер балаларды тегін тасымалдайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Диас Рамазановтың айтуынша, қазір жоба әзірленіп жатыр. Тиісті рәсімдер оқу жылының басында аяқталады деп болжануда.
Сондай-ақ Өскеменнің Құрметті азаматтары мен басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік іс-қимыл ардагерлерінің тегін жол жүру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
Пікірлер