A+ A A-

talgatzhan 30 29-05-2025, 16:00 0

eGov Mobile қосымшасында жаңа цифрлық құжат пайда болды

Бүгін / Республика

Енді кәмелетке толған азаматтарға қамқоршылар туралы цифрлық құжатты eGov Mobile қосымшасынан алуға болады. Бұл туралы Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

eGov Mobile мобильді қосымшасында кәмелет жасына толған азаматтарға қамқоршылық жасайтын тұлғалар туралы мәліметтері бар цифрлық құжат қолжетімді. Бұл құжат «Е-Собес» ақпараттық жүйесіндегі деректер негізінде жасалады, ол жерде қамқоршылар, қорғаншылар және олардың қамқорлығындағы азаматтар туралы мәліметтер сақталады.

Құжатта келесі деректер қамтылған, қамқоршының аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні, сондай-ақ қамқорлығындағы азаматтың аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні, қамқоршыны тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні, сонымен қатар «Жарамды күні» туралы ақпарат бар. Құжаттың түпнұсқалығын растау үшін QR-код қарастырылған: оны сканерлеген кезде бір тәулік бойы жарамды цифрлық нұсқасы ашылады. 

Құжат «Цифрлық құжаттар» бөлімінде «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басқаннан кейін, заңды өкіл мәртебесі расталған қолданушыларда автоматты түрде пайда болады.

Қамқоршы мәртебесін ресми түрде растау қажет болатын жағдайда, мемлекеттік төлемдерді алу, банкке, медициналық мекемелерге және басқа ұйымдарға жүгіну кезінде — бұйрықтың электрондық нұсқасы қажет болуы мүмкін.

Жаңа қызметті пайдалану үшін:

eGov Mobile мобильді қосымшасына кіріп, авторизациядан өтіп, «Цифрлық құжаттар» бөліміне өту;
«Отбасы» санатынан қамқоршылық немесе қорғаншылық туралы мәліметтермен танысу;
егер құжат көрсетілмесе — «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басу қажет.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив