Нәтижесінде 414 адам зардап шекті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге көп, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жағдайды тұрақтандыру үшін полиция қызметкерлері жеңіл және жолаушыларды тасымалдайтын көлік жүргізушілерін бақылауды күшейтті. Жаяу жүргіншілермен де түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
– Жол апаты көрсеткіші бойынша республикалық рейтингте Өскемен алтыншы орында тұр. Жол-көлік оқиғаларының көбеюінің басты себебі - жол ережесін бұзу және жүргізушілердің тәртіпсіздігі. Ережені көбінесе жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер бұзады, - дейді Өскемен қаласы Полиция басқармасы бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Еркін Сәттібаев.
Айта кетейік, «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында облыс орталығында 8 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактісі анықталды. 2 мыңға жуық жаяу жүргінші жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен.
Пікірлер