Қазақстанда тағы бір маңызды мемлекеттік қызмет онлайн-форматта қолжетімді болады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірлескен бұйрығында жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Құжатта мемлекеттік қызметтерді тиімді көрсету мақсатында жеке куәлікті онлайн рәсімдеу бойынша пилоттық жоба іске қосылатыны жазылған.
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу жолы төмендегідей:
-
Портал немесе қосымша арқылы;
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу үшін eGov.kz электронды үкімет порталына немесе eGov Mobile мобильді қосымшасына кіріп, өтінішті толтырып, оны ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы бекіту қажет.
-
Фотосурет дайындау;
Өтінішке қажетті форматтағы суретті дайындап, тіркеу керек.
-
Мәліметтерді тексеру;
Уәкілетті орган өтініш берушінің тіркеуі, жеке куәліктің қолданылу мерзімі, фотосуреттің талапқа сай болуы секілді мәліметтерді тексереді.
-
Мемлекеттік бажды төлеу;
Тексеріс сәтті өткен соң, мемлекеттік баж төленеді.
-
Нәтиже туралы хабарлама алу;
Қызмет нәтижесі туралы хабарлама алған соң, дайын жеке куәлікті ЦОН-нан (ХҚКО) барып алуға болады.
Бұйрық қашан күшіне енеді?
Министрліктердің бірлескен бұйрығы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енді және 2026 жылдың 31 наурызына дейін қолданыста болады.
Пікірлер