Қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Диас Рамазанов Қоғамдық кеңес отырысында қоғамдық көліктерге қатысты бірнеше өзгеріс жоспарланып жатқанын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Төмен еденді автобустар сатып алынып, пандустармен және мүгедектерге арналған орындармен жабдықталады.
Қоғамдық кеңес мүшелері қала тұрғындарының пандустарға қатысты шағымын жеткізді. Кей кездері пандус бар болса да, жолаушылардың ыңғайлығы үшін түсірілмейді.
Сондай-ақ Диас Рамазанов көру қабілеті нашар жолаушыларға арналған аялдамаларды дыбыстап хабарлау жүйесін енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын атап өтті.
Пікірлер