A+ A A-

talgatzhan 30 30-05-2025, 09:40 0

Зайсан ауданындағы спорт клубына микроавтобус берілді

Бүгін / Зайсан

Балаларды қорғау күніне орай облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Зайсан ауданындағы бұқаралық спортты дамыту клубына сыйлық ретінде «ГАЗель» маркалы микроавтобусты табыстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Енді жас спортшылар жарыстарға осы көлікпен қатынайтын болады.

- Бұл жай ғана көлік емес, туған өңірін республикалық және халықаралық ареналарда танытып жүрген жас спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктер, – деді аймақ басшысы. 

Аталған клубта балалар мен ересектер жеңіл және ауыр атлетика, теннис, футбол, қазақ күресі және тоғызқұмалақпен шұғылданады.

Клубтың түлектері арасында гир спорты бойынша әлем чемпионы Қуаныш Қыдырбатчиев пен дзюдодан Қазақстан чемпионы Қарқын Қасиет сынды танымал спортшылар бар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив