Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Зайсан ауданына жұмыс сапары аясында жұқпалы аурулар бөліміндегі күрделі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аймақ басшысының айтуынша, бұл елді мекен үшін маңызды нысан болғандықтан, жөндеу жұмыстарын жеделдетіп, сапалы әрі уақтылы аяқтау қажет. Аталған нысанды пайдалануға беру шілде айына жоспарланған.
Айта кетейік, құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер – «СМУ Пром Электро Связь» ЖШС.
Пікірлер