Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың Зайсан қаласында өткен жеке қабылдауында тұрғындар тарапынан денсаулық сақтау саласына қатысты шағымдар айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Азаматтар тегін дәрі-дәрмектің жетіспеушілігіне, жергілікті емханада ұзын-сонар кезектің болуына, науқастар мен зейнеткерлердің ұзақ отыруына шағымданды.
Облыс әкімі шағым түскен емханаға барып, жағдаймен танысты. Тұрғындар көтерген мәселелерді егжей-тегжейлі зерделеп, оны шешу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасына нақты тапсырмалар берді.
Пікірлер