A+ A A-

talgatzhan 77 30-05-2025, 10:45 0

Шекті бағадан асқан 1470 дүкен жазаланды – министрлік ескерту жасады

Бүгін / Республика

Сауда және интеграция министрлігі шекті сауда үстемесін бұзғандарға қандай шара қолданылатынын түсіндірді, деп хабарлайдыBuqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4-бабына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін арттырғандарға алғаш рет 5-тен 150 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Егер бұл жағдай бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері 10-нан 300 АЕК-ке дейін өседі.

2025 жылдың 12 наурызына дейін аталған бап бойынша бірінші рет бұзушылық анықталған жағдайда ескерту ғана берілетін. Қайталанған жағдайда ғана айыппұл қарастырылған.

Биыл өңірлік департаменттер осы бап негізінде 1470 әкімшілік іс қозғаған. Нәтижесінде 282 жағдайда жалпы 18,2 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, 1188 сауда субъектісіне ескерту берілген, – делінген редакциямызға берілген ресми жауапта.

Тексеру жұмыстары тек қалаларда емес, ауылдық елді мекендерде де жүргізіледі. Бекітілген көрсеткіштердің 40 пайызы ауылдық дүкендер мен сауда орындарына тиесілі.

Сонымен қатар, заңбұзушылықтар мен делдалдық тізбекті азайту үшін аумақтық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерінің мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратып жүр. Олар барлық өңірдегі өндірушілер мен көтерме саудамен айналысатын кәсіпкерлерге шекті 15 пайыздық сауда үстемесін сақтау талабын түсіндіруде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив