A+ A A-

talgatzhan 30 30-05-2025, 11:00 0

ШҚО әкімі Үлкен Нарын ауданына жұмыс сапарымен келді

Бүгін / Үлкен Нарын

Үлкен Нарын ауылында аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен облыс әкімдігінің көшпелі отырысы өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кездесу барысында Үлкен Нарын ауданының өткен жылғы, 2025 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және осы жылға арналған міндеттері қаралуда.

Сондай-ақ 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы мен алдағы жылу беру кезеңіне дайындық, жаңа оқу жылына дайындық, оқушыларды қорытынды аттестациялауға даярлау, жолаушылар тасымалын субсидиялау мәселелері талқыланады.

Облыс әкімі жұмыс сапары аясында №26 өрт сөндіру бөлімшесі, орталық қазандық, «Приморск» жазғы лагерімен танысады. Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде шағын футболдан өтетін достық матчқа барып, «Тәуелсіздік» саябағында 50 түп көшет отырғызуға қатысады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив